Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқысты сұрыптау

c 16:04, 17/06/2019 c 3418

0:00 / 0:00

Елімізде қоқысты сұрыптау мен оны өңдеу ісі өте өзекті мәселенің бірі. Қоқыстан келетін зардап та көп. Бүгін қатты тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып, оны сұрыптап үйренбесек, келешекте бармақ тістеп қалатынымыз анық. Аталмыш мәселені шешу үшін облыс орталығында орналасқан балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм және экология орталығы тың жаңалықты қолға алыпты.

Аталмыш орталықтың директоры қоқыстарды сұрыптау ісін Чехияға барып келгеннен соң, қолға алғандығын айтады. Орталық қоқысты сұрыптау үшін арнайы контейнерлер сатып алған. Әрбір жәшік бір қоқыстың түріне арналған. Сұрыптау ісін қолға алған жандар қағаз бен пластикті саудалау ісінде мәселе орын алмағандығын айтады. Сала мамандары осындай жаңашылдықтың арқасында жылына 200 мың теңге көлемінде қаражатты үнемдеп отырмыз,- дейді.

Сала мамандарының қоқысты сұрыптау ісінде қолға алған жаңашылдығы көпке үлгі болары хақ. Кәдімгі қағаз бен пластикалық бөтелкіні жинап, оны саудалау арқылы аз да болса, пайда табуға болады. Қоқысты сұрыптап үйренсек, қоршаған ортаға келетін қауіптің де саны азаймақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.