Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқыс тарифі қымбаттайды

c 17:40, 18/07/2022 c 1956

0:00 / 0:00

Орал қалалық мәслихатының 17-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия отырсында мәслихат депуттаттары қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа тарифін бекітті. Енді көпқабатты тұрғын үй иелері бір адамға 442 теңге төлесе, жер үйде тұратын азаматтарға тариф 451 теңге болып бекітілді.

Орал қаласы мәслихатының кезекті сессиясында коммуналдық төлемнің бағасы қымбаттады. Депуттаттар сессия отырысында көпшіліктің даусымен қатты тұұрмыстық қалдықтардың бағасының артуына дауыс берді. Күні бүгінге дейін тұрғындар көпқабатты тұрғын үйде тұрса бір адамға 286 теңге, ал жер үйдің тұрғындары 291 теңге көлемінде ақы төлеп келді. Енді жаңа тариф 156-160 теңгеге артпақ.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың тарифін бекіткен сессияда депутаттар бағаның қымбаттауын қызу талқылады. Халық қалаулылары қымбат тариф көпбалалы отбасылардың қалтасына оңай соқпайды деседі. Жеке компанияны монополия жасамай, мәселеден шығатын өзге жолды таңдау керек дейді,- депуттаттар.

Дауыс беру барысында қоқыс құнын өсіруге 16 депутаттың екеуі қарсы шығып, бір адам қалыс қалды. Бұдан бөлек мәслихат сессиясында қала бюджеті нақтыланды. Енді шаһар бюджеті 48 млрд теңгені құрайды.

Сурет https://7-su.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.