0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. Жергілікті тұрғындар ауыл маңындағы қоқыс полигонынан медициналық қалдықтарға ұқсас заттарды анықтаған. Кадрларда пакетке салынған пайдаланылған шприцтер мен қан сұйықтығы сақталған құтылар көрінеді.Тұрғындардың айтуынша, мұндай қауіпті қалдықтардың ашық полигонға тасталуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін.










