Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көктемгі су тасқынынан құлаған 30 үй қайта салынбақ

c 16:08, 01/07/2022 c 1248

0:00 / 0:00

Осы көктемде су тасқыны болып, 4 ауданда төтенше жағдай жарияланғаны есімізде. Тасқынның салдарынан бірнеше үй құлап, баспанасына зақым келгендер көп. Қаржы басқармасының басшысы сәуір айында 132 отбасыға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік өтемақы төленгенін айтады.

2022 жылдың көктемі көптің есінде көпке дейін сақталмақ. Ауылдық ағайын еріген қар суы мен арнасынан шыққан өзен суынан зардап шекті. Көктемгі тасқынның кесірінен 76 үйге, 25 жол учаскісі, 2 көпірге зақым келіп, 195 бас мал қырылды. Қаржы басқармасының келтірген дерегіне сүйенсек, сәуірде аудандық бюджет есебінен 132 жанұяға 50 айлық есептік көрсеткіш есебінен бір реттік өтемақы төленді.

Тасқын судан үйіне зақым келген 31 отбасыға жөндеу жұмыстарын жасауға жалпы сомасы 45 млн теңге көлемінде өтемақы төленген. Көктемгі су тасқынан 30 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Биыл қазанның он бесіне дейін 7 үй Жәнібектің Жақсыбайы мен Қаратөбенің Шалғын ауылында 23 баспананың құрылысы аяқталады,- дейді құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев. Қазіргі таңда үйлердің жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өтуде екен. Баспана салатын құрылыс компаниялары анықталып қойыпты. Құрылыс үшін қаражат "Қазақстан халқына" қоры арқылы бөлінбек.

Қалада шалғай орналасқан Шалғындық ағайынның басты талабы- мектеп пен медпункттің болуы еді. Шалғында 60 орындық мектептің құрылысы шілде мен тамыз айларында басталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Алайда Қаратөбеге қарасты медициналық пунктың тағдыры белгісіз. Қаржы басқармасының басшысы нысан мектептің жанынан ашылады дегенді айтса, құрылыс басқармасы бұны жоққа шығарды.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауылдық ағайынға мемлекеттік мекемелерден бөлек, жомарт жандар көмекке келді. Көмектің көлемі 50 млн теңгеден асып жығылатын көрінеді. Енді табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен ағайынға деп салынатын баспана мен жол, мектептің құрылысы уақытылы аяқталып, сапалы орындалады деп үміттенеміз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.