Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӨК» МӘРТЕБЕГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ

c 09:44, 29/12/2021 c 2629

0:00 / 0:00

Алдағы жылдың 5- қаңтарынан бастап, ASHYQ қосымшасында тек «жасыл» статусы бар адамдар ғана емін-еркін жүре алады. Ал «көк» мәртебесі бар қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына, банктерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Қазпошта бөлімшелеріне кіруге тыйым салынады. Бұл жайында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында айтты. Бүгін Үкіметтің ағымдағы жылдағы соңғы отырысы өтті.

Үкіметтің 2021 жылдағы соңғы отырысында елдегі эпиджағдай талқыланды. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқаруға енді ғана кіріскен Жандос Бүркітбаев ревакцинацияны күшейту қолға алмақ. Себебі, әлемнің 100-ден аса елінде коронавирустың омикрон штамы өршіп тұр дейді ол. Әрине Қазақстанда бұл штам түрі тіркелген жоқ. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ.

Сондай-ақ, еліміздің бас дәрігері қазақстандықтардың жүріп-тұруына шектеу қоюды ұсынды.Яғни есік қағып тұрған жаңа жылдың 5 қаңтарынан бастап "көк" мәртебесі бар қазақстандықтардың қоғамдық орындарға баруы қиындайды. Банктерге, сауда ойын-сауық орталықтарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіре алмайды. Тек «жасыл» статусы барлар ғана ермін-еркін жүрмек.

Жаңа жылда қазақстандықтардың ревакцинация жасатуын күшейту басты мақсат болып тұр. Үкімет 2022 жылы 9 миллионнан астам адамды ревакцинациядан өткізуді көздеп отыр. Бүгінде 400 мың қазақстандық үшінші вакцинаны алған.

Ал қазір Қазақстанда ревакцинация жасату үшін екі-ақ вакцина түрі бар. Жақын уақытта ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр.

АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Бүгінде ревакцинация алуға QazVac пен SinoVac вакциналары бар. Ал Sputnik-V екпесін алғандарға оны қайта алуға болмайды. Жақында ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр. 2022 жылдың басында Қазақстанға барлығы "Спутник Лайт" вакцинасының 1 миллион дозасы жеткізіледі»

Елдің эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 15 өңір "жасыл" аймақта орналасқан. Қалған 2 өңір - Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қызыл аймақтан таза. Осылайша Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.