Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті сақтау баршаның ортақ міндеті

c 17:18, 23/04/2019 c 4678

0:00 / 0:00

Қоғамдық тәртіпті сақтау баршаның ортақ міндеті.Алайда, адамдар қоғамдық орындарда үнемі тәртіп пен ережені сақтай бермейді.Кейбірі арнайы қоғамдық тәртіпті реттейтін заң барын білмей жасаса, екіншілері біле тұра әдейі ережені бұзуы мүмкін.Қоғамдық орындардағы тәртіп дегенде көбінің есіне шылым шегу мен ішімдік ішу мәселесі оралады.Иә, қоғамдық орындарда шылым шегуге, ішімдік ішуге тиым салынған.Бірақ бұдан да басқа заң талаптары мен ережелер бар ғой.Көпшілік сақтай бермейтін қоғамдық тәртіптің бірі ол кез - келген жерде машина жуу.Әсіресе күн жылынысымен адамдар көп қабатты үйлердің ауласында, жолдың жиегінде машиналарын жуа береді.Бірақ, тәртіп сақшылары көріп қалса айыппұл салып жіберуге құқы бар.Себебі бұл әкімшілк құқық бұзушылыққа жатады.Сонымен өзен -көл жағасында, көп қабатты үйлердің ауласында, жол жиегінде машина жаууға тиым салынған. Көшеде итпен жүрудің де өз ережесі бар.Әсіресе балалар ойнайтын алаңқайларға итпен келуге болмайды.Егер итіңізді қасымнан тастамаймын деп шешсеңіз онда итке міндетті түрде қарғы бау тағыңыз.Және оның бетіне мұрындық кигізілген болуы керек.Жаман айтпай жақсы жоқ, егер итіңіз біреуге секіріп, денсаулығына зиян келтіретін болса, онда жауапқа иттің иесі тартылады.Бұл да әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі, ол үшін 10 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл қарастырылған.Полиция өкілдері жаз айларында балалардың қауіпті аймақтарға шығып кетпеуін қадағалауды сұрайды.Әсіресе самакат теуіп сырғып жүрген балалар байқамай жолға шығып кетуі мүмкін.Самакатты да кез- келген жерде тебуге болмайды, әсіресе машина көп жүретін аумақтарда мұқият болған абзал. Жаз мезгілінде адамдардың бәрі шайтан арбаға отырады.Бірақ қалада шайтан арабамен жүрудің де өз ережесі бар.Жолдан өткенде міндетті түрде шайтан арбадан түсіп, белгіленген жолмен өту ккерк.Бізде Орал қаласында арнайы веложолақ жоқ.Бірақ Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында ала тұрғындарына деп веложолақ салынды. Қазір бұл жер шайтан арбамен серуендегенді ұнататындардың сүйікті орынына айналған.Біз жоғарыда атап өткен ережелердің бәрі де алдымен адамдардың өз қауіпсіздіктері үшін қажет.Екінші орында қала тазалығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.