Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кішкентай Фатима көмекке зәру

c 16:58, 10/06/2021 c 872

0:00 / 0:00

Ауыр дертке шалдыққан бөбек Фатима Асқардың еміне қаражат жинауға жергілікті спортшылар да атсалысты. Осы мақсатта каратэшілер арасында қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды. Жарыстан түскен қаржы түгелдей Фатиманың еміне жұмсалмақ. Алты айлық Фатима Қанатқызының жағдайы қиын. Егер тезірек дәрі қабылдамаса өмір бойына сал болып қалу қаупі бар. Ауыр дертпен арпалысқан сәбидің ата-анасының ендігі үміті - АҚШ-та ғана жасалатын екпе. Ол ем үшін 1 млрд. теңге қажет болып тұр. Кішкентай Фатиманы емдетуге жергілікті спортшылар атсалысты. Олар каратэден жасөспірімдер арасында қайырымдылық турнирін ұйымдастырды. Жиналған қаражат сырқат бүлдіршіннің еміне жұмсалатын болады. Спорттық шараға Фатиманың әкесі Қанат Асқарұлы да қатысты. Бұл көмекке тебіренген сәбидің әкесі нақты ісімен жанашырлық жәрдемін көрсеткен спортшыларға алғысын білдірді.Қайырымдылық турниріне қала бойынша алты команда қатысты. Жарысқа жергілікті кәсіпкерлер мен қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі қолдау көрсетті. Фатимаға өмір сыйлаймын десеңіз, экранда көрсетілген нөмірге сіз де ақша аудара аласыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.