Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кенттердің бюджеті нақтыланды

c 17:11, 16/04/2018 c 728

0:00 / 0:00

Орал қалалық мәслихатының депутаттары 21-кезектен тыс сессияда бас қосты. Халық қалаулылары жиын барысында 2018-2020 жылдарға арналған қаламызға қарасты кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін қайта бекітіп, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамын бекіткен болатын.

Күннен күнге көп қабатты тұрғын үйлер бой түзеп келе жатқан Зашаған кентінде биылғы жылы жаңадан аялдама павильондары орнатылмақ. Сондай-ақ, 25-Чапаев дивизиясы мен Саратов көшесін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін қалалық бюджеттен 2 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ, Круглоозерный мен Желаев кентттерінде де тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнатылып, саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ, жиын барысында қалалық мәслихаттың депуттаттары 2015 жылы мәслихаттың шешімі бойынша құрылған әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау комиссиясына өзгерістер енгізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.