Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Келешекте 800 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

c 19:41, 22/01/2019 c 1111

0:00 / 0:00

Облыс орталығында өткен жылы басталған "Батыс Білім ТaLks" атты жобасының 5-ші лекториі өтті. Шара педагогтардың біліктілігін арттыруды мақсат тұтып отыр. Биылғы жылы ұйымдастырылған шараның қонағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің төрайымы Күләш Шәмшиденова еді. Зияткерлік мектептің төрайымы қазіргі білім беру процесіндегі өзгерістер мен бүгінгі педагогтың қандай жұмыс атқаруына тоқталған еді. 

Биылғы жылы педагогтардың біліктілігін арттыруды көздеген лекторий "Назарбаев зияткерлік мектебінің" ғимаратында өтті. Аталмыш шара мектеп директорлары мен педагогтардың басын қосты. Бүгінде зияткерлік мектептің тәжірибесін әлемнің алып ауыт ұйымдары мойындап, жыл санап халықаралық дәрежеде абыройы артып отыр.
Жиында сөз алған спикер заманның қас қағым сәтте өзгеріске ұшырап жатқандығын айтып, бұл өзгерістен білім беру жүйесі де қалыс қалмау керектігін айтады. Түрлі жылдарда қолданылған тәжірбиелерді мысалға келтірген Күләш Ноғатайқызы 2-3 жыл сайын жаңа мамандықтың шығып жатқандығын, келешекте 800 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін деген пікірін ортаға салды. Бүгінгі оқушы өмірге бейімделген, мектепте алған білімін өмірде қолданып, қоғаммен байланыс орнатып, алған білімін сараптай білу қажет.

Күләш Шәмшиденова, "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрайымы:
Мектепте оқушыларды, қалай оқыту, олардың бойында нені дамыту керектігін білу қажет. Сол себепті егер сен балаңның табысты болғанын қаламасаң, оны сен оқыған біліммен оқыт деген бар. Советтік білім беру жүйесі ракетаны аспанға ұшырып, сол арқылы ғарышты таныдық. Алайда, бұл білім келешекке қадам басуға жеткілікті ме? Ертең еңбек нарығында кімдер сұранысқа ие болатынын түсіну керек. Жұмыс беруші жұмысқа жасанды интелекті қабылдай ма әлде адамды қабылдай ма? Сондықтан мұғалім оқушыларды өмірге тәрбиелеп, жасанды интелекті басқаруды үйретуі қажет.

Педагогтардың біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылған жиын барысында ұстаздардың ата-аналармен бірігіп жұмыс жасауы мен оқушыларды қоғамдық жұмыстарға жұмылдырудың маңызы да кеңінен талқыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.