Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚҰЙЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ

c 09:57, 28/09/2021 c 1128

0:00 / 0:00

2021 жылдың жеті айында Қазақстан мен Сауд Арабия  арасындағы сауда айналымы 4 млн долларды құрады. Жалпы бүгінгі таңда  Сауд Арабиясынан Қазақстанға келген инвестицияның жалпы көлемі 100 миллион доллардың үстінде. Елордада екі елдің бірлескен инвестициялық бизнес форумы басталды. Форумға екі елдің іскер топтары мен бизнесінің 170-тен астам өкілі қатысуда. Шара барысында  екі жақты меморандумға қол қойылды. Бұл құжат бизнес қауымдастығына өзара қарым-қатынас орнатуға, инвестициялық жобаларды әзірлеп, іске асыруға мүмкіндік бермек.

Елордада карантиндік шектеулер жеңілдеп, қалыпты өмірге көше бастағандай. Бүгін 200-ге жуық адамның басын қосқан инвестициялық форумда 5 келісім-шартқа қол қойылды. Сауда Арабиясы энергетика, ауыл шаруашылық, цифрландыру саласына инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр. Жиынға  Сауд Арабияның инвестициялар министрі мен Қазақстанның Сауда министрі қатысты.  Қазақ министрінің айтуныша, пандемия салдарына қарамастан биылғы 7 айда екі елдің екіжақты саудасы 36,5%-ға артқан. Сауда айналымы 4 млн долларға жетті. Жалпы Сауд Арабиясынан Қазақстанға құйлыған инвестиция көлемі 100 млн доллардан асып жығылады.

Сауд Арабиясы  бізден бидай, жүгері және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алады. Алайда, оны тікелей емес, Дубай арқылы тасымалдайды. Себебі, Қазақстаннан Сауд Арабияға апар жол Иран арқылы өтеді.  Енді олардың Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасы үзілген. Сол себепті, қазақстандық өнімді тікелей тасымалдаудың жолдары таңдалып отыр. Арабтар Қазақстаның ауыл шаурашылық өнімдерін өндіруді қолға алады. Бұл игі іс еліміздің оңтүстік өңірінде бастау алмақ.

ТАРЕК ӘЛ ЖАММАЗ -  САУД АРАБИЯНЫҢ МАЛ АЗЫҒЫН ӨНДІРЕТІН КОМПАНИЯЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ -«Ауыл шаруашылық, азық-түлік өнеркәсібі саласында қарым-қатынасты нығайту көзделген. Қазақстан жағы су , жер ресурстары бойынша ұсыныстарын алға тартып отыр. Біз келіскен жоба құны 55 млн долларды құрайды. Алдағы екі жылда техникалық-экономикалық жұмыстарды жүргізіп, инфрақұрылымды қамтып, Қазақстанның оңтүстігінде жұмыс бастайтын боламыз».

Қазір Қазақстанда Сауд Арабиясының бөлшек саудада, ақпараттық коммуникация және мемлекеттік транзакциялар саласында 11 кәсіпорны жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.