Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛІП ЖАТҚАН РЕСЕЙЛІКТЕР САНЫ КҮРТ АРТТЫ

c 12:46, 27/09/2022 c 1487

0:00 / 0:00

Ресейде мобилизация жарияланғалы көршімен шекарада тыныштық кетті. Себебі елімізге Ресейден ағылып келіп жатқандар саны күрт артты. Қазір екі ел арасындағы шекарада ұзын-сонар кептеліс қалыптасты. Көші-қон комитетінің хабарлауынша Қазақстанға күнделікті келетін ресейліктер саны 2 есеге артты. Жыл басынан бері елімізге 4 млн 400 мыңға жуық шетелдік келсе, оның 1 млн 700 мыңы Ресей азаматы. Ал Ресейде орын алып отырған жағдайға байланысты осы жылдың 22-і қыркүйегінен бастап Қазақстанға келген ресейліктер саны екі есеге өсті.

Транзитке келетін болсақ, қыркүйек айында 40 мыңнан астам ресейлік Қазақстан әуежайлары арқылы басқа елдерге ұшып кеткен. Соңғы 5 күн ішінде 6 мыңға жуық ресейлік Қазақстан арқылы басқа елге ұшып шықты. Ресейліктердің Қазақстанға жаппай келуінің бір себебі – олар біздің әуежайларымызды қоныс аудару үшін пайдаланады. Бұл иммиграция ағымының себептерінің бірі болып саналады дейді комитет өкілі. Аслан Аталықовтың айтуынша, ресейліктер Қазақстан арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға да өтіп жатыр. Ал осы қыркүйек айында 900-ге жуық шетелдік Қазақстанда тұруға ықтиярхат алу үшін жүгінген. Оның ішінде 115 адам - Ресей азаматы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.