Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

c 09:03, 18/05/2022 c 728

0:00 / 0:00

Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов үкімет отырысында айтты. 2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған.
Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 96 мың шақырым. 2 мың шақырымнан астам жол ақылы жүйеге көшті. Дегенмен ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың сапасына қатысты халықтың шағымы да бар. Үкімет басшысы бұл орайда «ҚазАвтоЖол» компаниясына жолдарды күтіп-ұстау сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді. Жылда қазынадан жолдарды жөндеуге қаруар қаржы бөлінеді. Алайда, қазақстандықтар армандаған сапалы жолға толық қол жеткізе алмай отыр. Әсіресе, жергілікті жердегі жолдардың нашарлығы сын көтермейді.

Премьер-министр Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде соңғы орында тұрғанын мойындап отыр.

Үкіметте автожолдарды дамыту «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба бар. Соның аясында ағымдағы жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. Ол үшін жалпы ұзындығы 4,3 мың шақырым автожолды қайта жаңғырту және жаңа жолдар салу жобалары жүзеге асады. Жол бойындағы мыңнана аса қызмет көрсету нысаны стандартарға сай жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін автожолдардың жоспарланған учаскелерінде ақы төлеуді енгізе отырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіру жұмысын аяқтамақ. Бұл саладағы тағы бір проблема- білікті кадр тапшы. Жол-көлік инфрақұрылымын жобалау және салу кезінде жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар аз қолданылады. Бұл жолдардың сапасы мен оларды жөндеу және салу мерзіміне де әсер етеді. Аталмыш проблеманы шешу үшін Индустрия министрлігіне тер төгіп жұмыс істеуге тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.