Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАНДА ВАКЦИНА ТАПШЫ»

c 12:17, 13/01/2022 c 1757

0:00 / 0:00

Ақжолдық депутаттар Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған коронавирусқа қарсы вакцина түрлері тапшы болып отыр деп даурықты. Денсаулық сақтау министріне жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен Ғани Хамзин қазақстандықтар өз елінде бола тұра, ДДСҰ бекіткен дәрі-дәрмекпен екпе ала алмайтын жағдайға тап болды. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында оқуы басталатын «Болашақ» стипендиясының студенттері ақылы Pfizer-ді көрші Қырғызстан мен Өзбекстанға барып салдырып жатыр. Ал министрліктің өткен жылдың соңында Pfizer- екпесін ақылы түрде жасаймыз деген уәдесі аяқсыз қалды дейді. Бұл жайында ол Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтты. Өкінішке орай, елде қауіпті індеттің таралуы өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте республикада 4480 адам ковид жұқтырған, оның 3312-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр.

Қазақстанда халықаралық деңгейде мойындалған вакциналар тапшы болып отыр. Ақжолдықтар денсаулық сақтау министрлігі өз мойнына алған міндеттерді толық атқар алмай отырғанын айтады. Өткен жылдың соңында экс-министр Алексей Цой елде американдық Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға мүмкіндік жасалады дегенді. Алайда, ол шаруа аяқсыз қалды. Ал шетелге шығуды жоспарлап отырған азаматтар елдегі ДДСҰ-мен мойындалмаған вакцинаны ала алмайды. Бұл жағдай шетелге оқуға аттанғалы отырған студенттер үшін қиындық туғызуда. Көптеген адам көрші Қырғызстан мен Өзбекстанға барып, Pfizer-ді салдырып жатқан жағдайы бар.Дәл қазір Қазақстанда qazvac пен sputnik v екпелері ғана бар дейді депутат Хамзин.

ҒАНИ ХАМЗИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бүгінгі күні Sinopharm көптеген ауруханада жоқ деген ақпарат бар. Тапшы болып отыр. Әлемде және оның ішінде Қазақстанда коронавирус өршіп жатыр. Халықты вакцинациялау мәселелері өзекті болып тұр. Біздің азаматтар өз елінде бола тұра, ДДҰ бекіткен дәрі-дәрмекпен екпе ала алмайтын жағдайға тап болды. Бұл үлкен қиындықтар туғызады. Мәселен, оқу бағдарламасы осы жылдың қаңтар-ақпан айларында басталатын «Болашақ» стипендиясының студенттері ақылы Pfizer-ді күте алмай, Қырғызстан мен Өзбекстанға барып екпе алуға мәжбүр болуда».

Мәжілісменнің айтуынша, ревакцинациядан өткісі келетіндерге тек Qazvac ғана ұсынылып жатыр. Ал қазақстандықтар ақылы Pfizer-ді күтіп отыр.

ҒАНИ ХАМЗИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Елорда, Алматы, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары өз аймақтарында қайта вакцинациялау үшін тек Qazvac ғана бар деп шағымдануда. Көптеген адамның Pfizer вакцинасын алуға қаржылай мүмкіндігі бар, бірақ оны ұзақ күту керек. Еуропаға ұшуды қажет ететін кәсіпкерлер ДДҰ мақұлдаған вакциналарды алудағы қиындықтарға байланысты жұмыстарын кейінге қалдыруда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл адамдарды проблемаларымен жалғыз қалдырып отыр»

Ал бүгін өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі балалар мен жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге ғана жасалып жатқан Pfizer екпесін енді 60 жастан асқан азаматтарға да саламыз деді.

АЖАР ҒИНИЯТ –ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Ақ жол»фракциясының депутаттары денсаулық сақтау министрлігінен шетелге шығатын азаматтарды ДДСҰ мойындаған препараттамен вакцинациялауды дереу бастауды, ревакцинация үшін екпемен толық қамтуды, ақылы вакцинаның нақты күнін жариялауды, отандық QazVac препаратын халықаралық тану бойынша қабылданған шараларды баяндауды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.