Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қатаң сөгіс берді

c 17:28, 13/10/2020 c 553

0:00 / 0:00

Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев әдеп кеңесінде қатаң сөгіс алды. Кеңесте белгілі болғандай коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы атқарылмаған жұмыс үшін мердігер компанияға мемлекеттің қаржысын аударады. Ол бұл әрекетін қаржыны игеру керек деп түсіндірді.

Кезекті әдеп жөніндегі кеңесте Орал қалалық коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтың ісі қаралды. Баяндама жасаған прокурор бөлім басшысы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында уақытылы атқарылмаған қызметке қаражат аударған деп мәлімдеме жасады.

Молодежный көшесіндегі бірнеше ауланы абаттандыру үшін 67 млн теңгедей қаражат бөлінген. Басшы шілде айында 42 млн теңгені мердігердің шотына аударады. Сондағы мақсат- республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны игеру,- дейді. Себебі қаражат игерілмесе бөлінген ақша қысқартуға ұшырайды.

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері жыл өткен сайын қаржы игеру мәселесін талқылап келеміз,- дейді.

Республикалық қаражат есебінен бөлінген қыруар қаржы мәселені мен орындалмаған жұмысқа ақша аударған бөлім басшысының ісін әдеп жөніндегі кеңес ұзақ талқылады. Кеңес мүшелерінің пікірі түрлі болды. Бірі прокурор сұраған қызметіне толық сәйкес келмейді десе, енді бірі қатаң сөгіс беруді қолдады. Енді бұл мәселеде бөлім басшысының кінәсі жоқ. Бар шикілік бір-біріне кереғар болатын заңда деп, толықтай істі тоқтатуды сұрады. Кейін кеңес мүшелері екінші рет дауыс беріп, көптің қолдауымен Жандос Дүйсенғалиевқа қатаң сөгіс жасалсын деп шешім қабылдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.