Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау

c 17:56, 17/10/2019 c 640

0:00 / 0:00

2016-2018 жылдар аралығында кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын арнайы уәкілдің атына 17 мыңнан астам шағым келіп түскен. Арыздардың дені жер телімдері, салыққа қатысты. Шағымның 46 пайызы расталған. Өткен 2018 жылы батысқазақстандық 228 кәсіпкер құқығым аяққа тапталды деп арызданған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына келген кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Болат Палымбетов мәлімдеді.

Өлкеміздегі кәсіпкерлердің тасының өрге домалауына тосқауыл қойып, кедергі келтіріп отырған жағдайларды жойып, бизнесмендердің жұмыстарын оңтайландыру үшін аймағымызға арнайы табан тіреген амбудсмен Болат Палымбетов алдымен 5 жылда атқарған жұмыстарына тоқталып, кәсіпкерлерден түсетін шағымдандардың елде әлі шаш етектен екеніне шағынды. 2016-2018 жылдары аралығында уәкілдің алдына бизнесмендер тарапынан 17 мыңнан астам арыз келіп түскен. Соның 229-ын біздің бизнесмендер жазған. Оның 150-і оң шешімін тапқан.

Жиында сөз алған облыс прокуроры кәсіпкерлердің қызметін тежейтін тексерістердің азайғанын алға тартты. Прокурордың сөзінше, қазіргі таңда екі жоба жүзеге асып жатыр. олар -"Ерсоп" пен "Қамқор". Жаңашылдықтың арқасында кәсіпкерлерді 18 заңсыз тексерістен арашалап алыпты.

Бас прокурор бизнесмендерді діңкелетіп, бастаған істерінің дөнгелеп кетуіне кедергі келтіріп отырған бір мәселені мәлімдеді. Ол үнемі өзгеріске ұшырап отыратын субсидияға қатысты. Ережелердің жиі өзгеруінің салдарынан көптеген бизнес субьектілері мемлекеттің қолдауынан қағылған.

Сондай-ақ жиында БҚО кәсіпкерлері палатасының құқығын қорғау мен жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы кәсіпкерлер ісін дамытпай отырған олқылықтарды жіпке тізді. Кеңес төрағасы бюджетті жоспарлаудағы жариялықтан гөрі құпиялықтың көптігі, игерілмей жатқан жер телімдері мен оған тартылуы тиіс инженерлік желілердің жүргізілмеуі, ауылдарды айтпағанда өңір орталығының өзінде жөнді бас жоспардың жоқтығын жайып салды. Өткен жылы бас жоспарды жасақтауға бюджеттен қаражат бөлінбепті.

Кеңес төрағасы мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасының іске аспай жатқандығын да жасырмады. Қазақстанның өзге аймағына қарағанда жобаның көрсеткіші облыста не бары 1-ақ пайызды құрап отыр. Осы бағдарлама аясында 2,1 млрд теңгені құрайтын жұмыс атқарылыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.