Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкер қамауға алынды

c 17:41, 19/11/2020 c 655

0:00 / 0:00

Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған. Ол "Марасант" және "Бірлік" құрылыс компанияларының директоры және құрылтайшысы Аманжол Көнеев. Бұл фирмалар мемлекеттік сатып алуға қатыса отырып, мемлекет қаржысын жымқырған.

"Марасант" және "Бірлік" құрылыс компанияларының директоры Аманжол Көнеев ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т., 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынған. Күдікті мемлекеттік сатып алуларға қатыса отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. «Сондай-ақ, айыпталушы 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңгеден астам сомада салық төлеуден жалтарған. Осы орайда айыптының қорғаушысы Аманжол Көнеевтің қамауға алынғанын растады. Закир Вагаповтың айтуынша, тергеу амалдары шамамен 10 айға созылуда. Қамауға алынған сәттен күдікті заң аясында барлық талаптарды орындауы себепті оның құрықталуы бұл тарапқа жасалған қатаң шара деп есептейді. Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау немесе иемдену бабының санкциясында 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.