Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіп түбі-нәсіп

c 19:06, 16/10/2020 c 584

0:00 / 0:00

БҚО-да несие алып, кәсіптерін дөңгелеткен бизнес нысандарының көмегімен 627 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта Орал қаласының кәсіпкерлерін қаржыландыру жалғасуда. Іс бастаймын деп мемлекеттен қолдау күткен жандарға жалпы сомасы 500 млн. болатын 50 -ден астам несие берілетін болады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаржының игілігін Подстепное ауылының тұрғыны да көріп отыр.

Подстепное ауылының тұрғыны Мұрат Баймұхамбетов автокөліктер қозғалтқышының бүріккішін жөндеу ісін осыдан бір жыл бұрын бастапты. Кәсібін ашуға ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 6 млн теңге несие рәсімдеген. Осы қаражатқа еуро стандартты дизель отынмен жүретін техникалардың электронды форсункаларын жөндейтін және жөндеген соң ақау жоғын тексеретін арнайы қондырғы сатып алған. Кәсіпкер жазғы уақытта жұмысы жақсы жүргенін айтады. Ал қазір тапсырыстар біраз азайған. Айта кетейік, "Еңбек" бағдарламасының 4 бағыты бар. Мал және егін шаруашылығы, ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Несиелер көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасылаға 4 пайызбен 6 жарым жылға беріледі. Мұрат Баймұхамбетов бағдарлама бағыттарының бірін пайдаланып отыр.

Жеңілдікпен қолдау алу үшін несие тарихыңыз бен басқа қарыздарыңыздың бар-жоғы тексеріледі және кепілге қоятын мүлігіңіз болуы шарт.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.