Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

“ҚАРИЯМ, АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЛЫҒЫ

c 15:48, 25/10/2021 c 1483

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті қайырымдылық айлығына өз үлестерін қосуда. Университетте «Қариям, асыл қазынам!» атты іс-шара жоспары бекітілген. Осы орайда жоспарға сай студент жастар игі істерді қолға алып отыр. Бұл жолы Ұлы Отан соғысының ардагері Кирпичев Александр Федосеевичтің үйіне барып, көмек көрсетті. Сауабы мол шараға белсенді студенттер мен оқу орнындағы «Жәңгір хан ұрпақтары» волонтерлік қозғалысының мүшелері атсалысты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 56 ардагер бар екен. Аталмыш акция аясында университет қызметкерлері мен студенттері басқа да ардагерлерді елеусіз қалдырмай, үйлеріне барып, қайырымдылық айлығы аясында көңіл бөлуде. Өз кезегінде қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналарымыз алғысын айтып, ақжарма тілектерін білдіріп жатты.

Оқу орнының басшылығы қайырымдылық айлығы студенттердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, үлкенді сыйлай білуге, ардагерлер еңбегін ұмытпай, есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға таптырмас шара екенін атап өтті. Мұндай істер қайырымдылық айлығы шеңберімен шектелмей, жыл бойына жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.