Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қараусыз үйлер

c 18:14, 01/10/2020 c 821

0:00 / 0:00

Оралда барлығы 1239 көп қабатты үй болса, оның 1196 «ЖайықЖылуҚуат»АҚ қызмет көрсетеді. Пәтер иелері кооперативі қызмет көрсететін 827 үй, яғни 84 пайызы жылыту маусымына дайын, ал иесіз қалған үйлердің 30% ғана салқын күндерге төтеп беруге қауқарлы. Иесіз үйлер деп пәтер иелері кооперативтерінің қарамағына жатпайтындарды айтамыз.
Шаһарда үш жүзден аса қараусыз үй бар. Соның ішінде ең өзектісі жатақханалардың жағдайы екені анық. Алмазов 58-а мекенжайында орналасқан бұл жатақхана ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген. Оны қолға алып жасайтын тұрғындар да жоқтың қасы. Пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетуден бас тартқан. Басты себеп жалға алушылардың көпшілігі ақы төлемейтін көрінеді. Ал керісінше жұмыла жасалған жұмыстың жемісін Мұхит 95 үйінің тұрғындары көріп отыр. Көп қабатты тұрғын үй пәтер иелері кооперативіне тиесілі емес. Бұл жағдай тұрғындардың жылу беру маусымына дайындалуына және үйдің тазалығын сақтауға желеу болмай отыр. Барлық пәтер жылыту маусымына дайын, дәліздері жинаулы, жағымсыз иіс мүлде жоқ. Бұндай ұйымшылдыққа жалпы жиналыс себеп болған. Сол жиында адамдар үйге жауапты басшыны таңдапты. Сол кезден бастап барлық құжаттар реттеліп, қажетті төлемдер төленген. Алда барлық пәтерге жылу уақытылы берілетін болады,- дейді Зоя Кондудаева.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі үш күн ішінде ауа температурасы 8 градустан төмен болса, қалада жылыту маусымы басталады деп хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.