Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талаптары күшейтілді

c 17:19, 17/01/2022 c 925

0:00 / 0:00

Қаңтар айында өңірде коронавирус инфекциясы 1300-ден астам адамнан анықталған. Бұл туралы БҚО-ның бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев мәлімдеді. Бас санитар дәрігер өңірдің "қызыл аймаққа" енуіне байланысты карантин талаптарын күшейтіп, жаңа қаулыға қол қойды. Өңірдегі аурушаңдық пен қабылданған шаралар туралы толығырақ арна тілшісі Ажар Хамитованың материалында.

Сала мамандары қаңтар айының 15 күнінде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі желтоқсанмен салыстырғанда 6 есеге артқанын айтады. Күні бүгінге дейін 1300-ден астам адамнан Ковид дерті анықталған. Науқастардың көбі Орал қаласында тіркелген. Бүгінгі таңда 154 адам аурухана қабырғасында ем-дом қабылдап жатыр. Олардың 90 пайызы екпе салдыртпағандар көрінеді. Сала мамандары әзірге өңірде ресми түрде коронавирустың омикрон штаммы тіркелмегенін айтады.

Коронавирус инфекциясының тез таралуына, ауырып жатқан науқастардың көптігіне байланысты облыстың бас санитар дәрігері күшейтілген карантин шектеулерін қабылдады. Бірінші кезекте ашық аспан астында және ғимараттарда адам санын жинап, іс-шараларды өткізуге болмайды. Тек "Ашық" қосымшасымен 30 адамға сақада беруге рұқсат. Діни мекемелерде бұқаралық шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды.

Мектептер мен колледж, университет студенттеріне де карантин талаптары күшейтілді. Қазіргі таңда 600 оқушыға дейін баланы қамтыған облыс және аудан орталықтарындағы мектептер онлайн сабақ оқиды. Тек 1-2 сыныптың оқушылары дәстүрлі форматта білім алуын жалғастырады. Және 3 пен 5-ші сыныптарда ата-ананың өтініші бойынша кезекші сыныптар жұмыс жасайды. Ал 4-ші сыныптан бастап оқушылар қашықтан білім алады. Ауыл мектептері жұмысын бұрынғыша жалғастырмақ. Сала мамандары тұмау белгілері болса бірден медициналық ұйымға қаралуға шақырады. Мобильді топтар тәулік бойы жұмыс атқармақ. Тіпті 109 нөміріне хабарласып, науқастанған азамат дәрігердің кеңесін ала алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.