Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талабы қайта күшейе ме?

c 00:00, 20/05/2020 c 636

0:00 / 0:00

Соңғы мәліметтер бойынша, елде коронавирус індетін жұқтырғандардың жалпы саны 6 мың 700 адамнан асып жығылады. Оның тең жартысы емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны 35 адамды құрап отыр. Ал елордадағы ахуалға тоқталсақ, қазір қалалық ауруханаларда 1022 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 67 пайызы - коронавирус жұқпасынан ем алушылар. Соңғы ақпаратқа сәйкес коронавирусты 1287 адам жұқтырғаны белгілі болды. Оның 84-і 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл жайында онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.  Елордалық  дәрігерлер, егер қалада қауіпті індеттің таралу деңгейі төмендемесе, карантин шараларын қайта күшейтеміз деп отыр.

Елордада қауіпті індеттің таралу деңгейі 7 пайыздан асқан жоқ. Санитарлық дәрігерлер бұл көрсеткіш, қаладағы карантин талаптарын жұмсартуға мүмкіндік беріп отыр. Яғни карантин шараларының бірінші кезеңін алып тастауға жол ашты. Қала ақырындап қалыпты өмір салтына оралып жатыр. Сауда үйлері, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары жұмысын бастады. Енді мамырдың 20-нан бастап  ірі сауда, ойын-сауық орталықтарын ашу көзделіп отыр. Тек, ол жерлерде  фуд-корттар, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатрлар жабық болады. Көпшілік күткен монша да ашылады. Бірақ моншаға барған адамдар саны нысан сыйымдылығының 30 процентінен аспауы тиіс. Дәрігерлер, карантин талабы жеңілдеді деп, азаматтардың тым босаңсып кетпеуін сұрайды. Көпшілік жерде бетперде киіп, антисептик ұстап жүру талабы қалып отыр. Осылайша, бұл індетті жеңеміз дегенді айтады. Енді кезекті екінші аптада вирустың таралуы 5 пайыздан аспауы тиіс. Егер коронавирус өршіп кетсе, карантинді қайта күшейтімз дейді Қисықова ханым.

Сәуле Қисықова – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы; «Өткен аптада қалада вирустың таралуы 7 пайыздан аспады. Сондықтан біз карантиннің бірінші кезеңін алып тастадық.Енді екінші аптада ауырғандар саны 5 пайыздан аспауы керек.Егер коронавирустың таралуы өсіп кетсе, онда карантин шараларын қайт күшейту мәселесі қарастырылады.»

11 мамырдан бері елде төтенше жағдай аяқталып, карантин жалғасуда. Елордаға кіретін жолдарда қазір 6 бекет жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні блокпостарда  талап жеңілдеп, қалаға кіретіндер тізімі кеңейтілді.

Дегенмен, тәртіп сақшылары астаналықтар карантин талаптары жеңілдеді деп, тым босаңсып кетті деп отыр. Бұл  қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ушықтырып жібермесе игі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.