Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қарамағындағы қызметкерлердің тәртібі үшін қызметінен босатылды

c 18:36, 28/02/2018 c 884

0:00 / 0:00

Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімшесі жергілікті полиция қызметінің басшысын депутаттар бір ауыздан лауазымынан босату туралы шешім қабылдады. Дархан Сатенов өз қарамағындағы жасөспірімдер полициясының 3 бірдей қызметкерінің парамен ұсталу фактісіне байланысты осылайша жазаланып отыр. Бұл жөнінде бүгін Орал қалалық мәслихатының 19-шы кезектен тыс сессия отырысында мәлім болды.

Дархан Сатенов 2016-жылдың желтоқсан айында Абай полиция бөлімінің ЖПҚ бастығы болып тағайындалған болатын. Депутаттардың оны қызметтен босатуына 3 бірдей бұрынғы жасөспірімдер полициясы қызметкерінің пара алуы себеп болуда. Олар кәмелет жасына толмаған балаларға алкоголь сатқан кәсіпкерден 250 мың теңге алмақ болғанда тұтқындалған еді.

Жасөспірімдер полициясының бұрынғы қызметкерлері, полиция капитаны Альфия Хабибуллина, лейтенант Әсем Найзабекова және лейтенант Бақытжамал Есеналиева қылмысты жасыру үшін пара аламыз деп тұтылды. Оларды өзін лицензиясынан айырмауын сұраған кәсіпкер пара ұсына отырып, ұстап берді. Бұған келіскен азамташлар сотталып, әрқайсысы 17,4 млн теңге айыппұлға тартылған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.