Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

c 19:50, 23/09/2022 c 2030

0:00 / 0:00

Сайлау науқаны бастау алды. Бүгіннен бастап Президент сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды. Үміткерлерді ұсыну үрдісі 11 қазанда аяқталады. Бұған дейін хабарланғандай, Президент сайлауына кандидат Қазақстан азаматы болуы тиіс, 15 жыл осы елде тұрған, жоғары білімді, жасы 40-қа келген, мемлекеттік қызметте істеген тұлға болуы керек. Ал Президенттік сайлауға кімдер түсе алмайды?

Президенттік додаға қатысатын әр үміткерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі үшін шамамен 10 млн теңге бөлінбек.

СӘБИЛӘ МҰСТАФИНА - ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ «Бізде алдын-ала есеп бар. Сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін әр кандидатқа шамамен 10 млн теңге бөлу қарастырылып жатыр. Бұл ақша БАҚ-та ақпарат таратуға, материалдар жариялауға жұмсалады. Яғни кандидат БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізеді. Сондай-ақ осы сомаға кандидаттың ғимарат және көлікті жалға алуы кіреді»

Кандидаттарға сайлау алды үгіт-насихат кезінде сайлаушыларға тауарларды, қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікпен беруге тыйым салынады. Дауыс берушілерге ақша төлеп, лотерея ойнатып, қайырымдылық акцияларын өткізуге де болмайды. Бұл талаптарды орындамағандар додадан түсіп қалады. Қазақстан Президенттігіне кандидаттар сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмысын 21 қазанда бастайды. Бұл үрдіс 28 күнге созылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.