Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаланың бас көшесінің келбеті өзгермек

c 18:43, 10/03/2021 c 681

Шаһардағы бас даңғылдың келбеті айтарлықтай жаңарады. Қала әкімдігі қоғам белсенділерімен, даңғыл бойындағы бизнес нысандарының иелерімен кездесіп, «Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының функционалдық аймақтарын салу регламенті» жобасын таныстырды. Бірыңғай дизайн-кодты енгізу көшенің ақпараттық көрнекі тартымдылығын қамтамасыз ету, жарнамалық құрылымдарды оңтайландыру, толыққанды архитектуралық-көркемдік ортаны қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Алдағы уақытта Әбілқайыр хан, Абай даңғылдары және Шолохов пен С.Датов көшелері де бірыңғай үлгіде болады. Қаламызда дизайн-кодты енгізуді Н.Назарбаев даңғылынан бастау тегін емес. Өйткені даңғыл тарихи орталық ретінде мәртебеге ие. Даңғыл бойында 161 мәдени-тұрмыстық қызмет нысаны бар. Олардың 38-і архитектуралық ескерткіш саналады. Жаңартылған жаяу жүргіншілер жолындағы инфрақұрылымдар даңғылдың келбетіне оң әсерін бермек. Екіншіден, бұл даңғылда мәдени-тұрмыстық қызмет нысандары көп болғандықтан, қасбеттердің өзгеруі шағын және орта бизнестің дамуына да ықпал етері анық. Сондай-ақ көшенің көркем көрінісі туристердің де қызығушылығын арттырады деген сенім бар. Қалалық сәулет бөлімі басшысының орынбасары Ботагөз Түстікбай таныстырып өткендей, жобада даңғылды шартты түрде үш аймаққа бөлу ұсынылған.
Мәселен, даңғыл бойындағы нысандарда бір тақтайшаның үстін екінші тақтайша басып тұрған ақпараттар аз емес. Олардың көптігінен әрқайсысында не жазылғанын ұғу қиын. Осы орайда ілінген тақтайшаларды азайту ұсынылады. Ең бастысы ілінген тақтайшаларға көлемді әріптер ғана қолданған маңыздырық. Ең басты атап өтерлігі дизайн-кодта архитектуралық ескерткіштерді реставрациялау жұмысы қарастырылмаған. Жобаның жалпы құны - 26 млн. 422 теңге мың теңге. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев жарнама мәтіндерінің сауатты, заң талаптарына сай жазылуын түсіндіріп өтті. Бірізді дизайн-кодты енгізу әлемдік тәжірибеде өте жақсы қолданылады. Еуропалық қалаларда қасбеттердің дизайны бойынша ереже басшылыққа алынады. Сондай-ақ көршілес Ресейдің Мәскеу, Якутск қалаларында қолға алынды. Елімізде Алматы қаласында да бірыңғай код енгізілген. Түспен кодтау - интуитвиті навигация үшін қосымша құрал болмақ. Бағыттама, жол белгілері, маршруттардың сызбасы - барлығында орналасу аймағына қарай түс коды сақталуы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.