Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаладағы атыс

c 18:45, 22/10/2020 c 459

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы жанар-жағармай май құю станциясының бірінде болған атысқа қатысты тағы бір бейне жазба жарияланды. Видеода жарақат алған жігіттің қансырап, қашып келе жатырғаны көрінеді. Осы маңда жұмыс жасайтын қарауылдың айтуынша, жас жігіт өзін құтқаруын сұрап, тығылатын жер іздепті. Ізін ала бірінің қолында суық қаруы бар бір топ жігіт жүгіріп жетті,- дейді Борис Федурко.
24 жастағы ер адамға оқ жарақаты диагнозы қойылған. Ішкі органдары зақымданыпты. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. Бірнеше ота жасалған. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, бұндай жарақат алған жандардың аман қалуы сирек кездеседі.
Атысқа қатысқан жастардан 1 тегіс ұңғылы атыс қаруы, 10 аса оқ дәрі тәркіленді.
1997 және 1999 жылғы екі күдікті Орал қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.