Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫН АШПАҚ НИЕТТЕ

c 09:29, 05/08/2022 c 1443

0:00 / 0:00

Омыртқа жотасына зақым келген қала тұрғыны сауықтыру орталығын ашпақ ниетте. 2020 жылы суға секіру кезіндегі алған зақым салдарынан арбаға таңылған ол өзі сияқты жандарға арналған орталық ашудың маңыздылығы жоғары деп біледі. Алайда бұл істі жүзеге асыру үшін қомақты қаражат керек екен. 

34 жасар Асылжан Темешевтың арбаға таңылғанына міне екі жыл уақыт болды. Оған себеп-аяқ асты болған жазатайым жағдай. Ол достарымен «Карьер» көлінде демалып жүріп, суға секіргенде көл түбіне басымен соғылып, омыртқа жотасын жарақаттаған. Алайда Асылжан бұл қиындыққа мойынсұнбай келеді. Алдағы уақытта осындай қиын жағдайда қалған жандарға арнап спорттық-сауықтыру орталығын ашпақ ниетте. Бұндай ой Елордада орналасқан сауықтыру орталығында жатқан кезінде туыпты.  Әрине бұндай орталықтың ауыр хәлде қалған жандарға тигізер пайдасы өте көп. Олар бұл жерде қажетті ем алып, спортпен шұғылданып, тіпті психологиялық көмек те ала алатын болмақ. Алайда бұл идеяны жүзеге асыру үшін үлкен сомма қажет екен. Тіпті әкімдік тарапынан арнайы ғимарат бөлген күннің өзінде де 10 млн тенге шамасында қаражат керек ,- дейді Асылжан Темешев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.