Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала аспаны тұрғындарды үрейлендірді

c 15:20, 12/04/2022 c 253

Орал аспаны қала тұрғындарын үрейлендірді. Көпшілік бірнеше күн бойы әлеуметтік желілерде ұшақ іздері анық көрінетін аспан видеолары мен суреттерін бөлісіп жатыр. Қарапайым халық мұның не нәрсе екенін біле алмай, сан саққа ой жүгіртіп, тағы да коронавируспен ауырып қаламыз ба деп қорқатындарын айтуда."Мұндайды көрмегелі көп болған еді. Украинада соғыс басталғалы осы. Бұл Батыс Қазақстан облысының аумағы", - дейді Орал маңында түсірілген роликтің авторы.
Алайда кей топтарда мамандар бұл құбылысты түсіндірген. "Ресей шетелдік ұшақтарға әуе кеңістігін жауып тастады. Қазір барлығы біздің ел аумағы арқылы ұшады. Ресейдің оңтүстігіндегі барлық дерлік әуежай жұмысы тоқтап, Сочиден басқа көптеген қаланың аспаны жабылды. Flightradar24-те көре аласыз", - делінген пікірлердің бірінде. БҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, бұл іздер өңір аумағынан ұшатын ұшақтар санының артуына байланысты екенін хабарлады.Ал М.Мәметова атындағы «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС әкімшілігі жергілікті әуе сапарлары уақытылы орындалып жатқанын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.