Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ФОТО СӨЙЛЕСІН»

c 19:32, 01/12/2021 c 1231

0:00 / 0:00

Қазақ фотоөнеріне 180 жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Ақ жол» партиясы «Әр қазақ менің-жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауының қортындысын жариялады. Ағымдағы жылдың 25 қазанынан 25 қарашасы аралығында өткен фотобайқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 120 автордан кәсіпқой, әуесқой 600 фото келіп түсті. Партияның сайтында жарияланған фотобайқаудың бас жүлдесі- 1 миллион теңге Атыраулық фото суретшіге бұйырды.
«Ақ жол» партиясының дәстүрлі фотобайқауы өз мәресіне жетті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен байқаудың талабы-тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, алаш ұстанымын насихаттау болды. Фотобайқау партияның сайтында жарияланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен өз жұмыстарын ұсынғандар көп болды. 120 автордан 600 –ден аса фото келіп түскен. Оның ішінде кәсіпқой, әуесқой фотолар бар. Бірі кәсіпқой фотоаппартты қолданған болса, енді бірі қалта телефонымен түсірген жұмыстарын ұсынған. Фотосуретшілердің жүмысы әлеуметтік желіде дауыс беру нәтижесі арқылы,сондай-ақ фотолардың сапасы, тақырыпты ашуы бойынша іріктелді. Қазылар үшін таңдау жасау оңай болмады. Авторлардан келіп түскен фотосуреттерде ауыл тұрғындарының өмірін ашатын, өндірістегі еңбекті насихаттаған, ұлттық құндылықтарымызды паш еткен жұмыстар көп болды. Бір айға созылған «Әр қазақ менің-жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауы бүгін өз мәресіне жетті. 20 номинация бойынша үздік фото авторлары мараппатталды. Жалпы сыйақы қоры 2,5 миллион теңгені құрады. Бас жүлде- 1 милллион теңгені Атыраулық фототілші Ерлан Алтыбаев қанжығалады. Шум.
Әділқазылар алқасына фото авторларының жұмысы мен аты-жөні ғана ұсынылып, олардың жеке мәліметтері берілмеген. Бұл қазылардың әділ шешім қабылдауына мүмкіндік берді.

Биыл қазақ фотоөнеріне 180 жыл толып отыр. Сондықтан бұл фотобайқаудың маңыздылығы зор дейді белгілі фотожурналист Асылхан Әбдірайымов.

«Ақ жол» партиясының дәстүрлі фотобайқауы келер жылдары да жалғасын таппақ. Партия төрағасы келесі байқауда кәсіпқой және әуесқой фото номинацияларын енгізуді ұсынды.

Айта кету керек, осы байқауда арнаулы жүлдені иемденген Жаңагүл Жаппарова баласының суретін жолдаған екен. Баласының есту қабілеті дамымай қалған Жаңагүл осы байқауда жүлде алып, ұлына есту аппаратын сатып алуды ойлаған. 2 миллион теңгенің аппаратын сатып алуға Ақжолдықтар көмек қолын созатын болды.

Фотобайқаудың жүлдегерлері мен лауреаттарына естелік грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.