Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еске алу шарасы өтті

c 18:40, 21/06/2019 c 843

0:00 / 0:00

22-маусым тарихтағы қаралы датаның бірі. Сол күні Фашисттік Германияның Совет Одағына шабуылдағаны тарихтан белгілі. Қайғылы датаға орай облыс орталығында орналасқан Мәншүк Мәметова атындағы мұражайда арнайы еске алу шарасы өтті. Оралдықтар ең алдымен батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Осыдан 78 жыл бұрын, 21 маусымда мыңдаған адамды қан жылатқан Ұлы Отан Соғысы басталып, қан майдан 1418 күнге жалғасты. Осы уақыттың ішінде талай батыр жер жастанып, мыңдаған адам түрлі соғыс шебінде жарақат алғаны аян. Қайғылы датаға орай Мәншүк Мәметова атындағы мұражай арнайы батырларды еске алуға арналған шара ұйымдастырды.

Мыңдаған боздақты еске алуға арналған шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қазіргі таңда әскери борышын өтеп жатқан жандар мен мектеп оқушылары қатысты.

Соғыс шебінде қаза тапқан әр батырдың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ел үшін мерт болған жауынгерлердің ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.