Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Есірткімен күрес

c 15:54, 18/11/2020 c 444

0:00 / 0:00

2020 жылы БҚО-да 218 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда көп. Сала мамандары есірткіні заңсыз сақтап, оны саудалаған 100 күдіктіге қатысты сот процесі басталғанын айтады.

Жыл өткен сайын есірткіні саудалап, оны заңсыз сақтаған қылмыстың саны артып келеді. Мәселен, 2020 жылы 218 қылмыс тіркелген. Полиция қызметкерлерінің келтірген дерегі бойынша есірткі саудасына қатысы бар жүзден астам азаматтың үстінен іс қозғалған. Қазіргі таңда марихуана мен синтетикалық есірткінің саудасы қызып отырған көрінеді. Тіпті облыс аумағынан есірткіні жасайтын зертхана да табылыпты.

Қазіргі таңда 600-ден астам адам дәрігерлердің есебінде тұр. Наркологтар есепке қойылған азаматтардың 31-і әйел адам екенін айтады. Олардың көбі ұзақ уақыттан бері есірткіні тұтынып келеді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап есірткі қылмысына қатысты жауапкершілік күшейіп, заң бұзған азаматтар қатаң жазаға тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.