0:00 / 0:00
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша БҚО-да жыл басынан бері есірткіге қатысты 88 құқықбұзушылық тіркелген. Заңсыз айналымнан 55 келіден астам есірткі тәркіленіп, есірткі қылмыстарына қатысы бар 46 адам ұсталды. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің зияны мен оның адам өміріне тигізетін кері әсерін көрсететін бейнероликтер ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды дұрыс бағытқа бағыттап, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға ықпал етеді.










