Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ертеңнен бастап екпе салынады

c 17:18, 14/09/2020 c 520

0:00 / 0:00

Елімізде КВИ-ге байланысты тұмау екпесі ертеңнен басталады. Екпе салу Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар қаласында 10-шы қыркүйектен қолға алынды. Тұмауға қарсы екпені еліміздегі 2 миллион адам тегін салдырады деп жоспарланса, Батыс Қазақстан облысы халқының 10 пайызы вакцина алады деп күтіліп отыр. «Елімізде тәуекелдік топтар бар. Олар - созылмалы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті келіншектер, 60-жастан асқан қарттар мен жабық типті мекемелердегі адамдар. Яғни, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары мен медицина қызметкерлері. Оларға жұқпаға қарсы егулер міндетті түрде жасалады. Екпелерді олар өздерінің тұрғылықты жеріне қарасты емханалар мен басқа да медициналық орталықтарда жасатады. Ал өз еркімен екпе алғысы келетіндер үшін ақылы түрде екпе алу қызметі қарастырылған. Екпе бағасы 2100 теңгеден баасталып, 4200 теңгеге дейін жетеді.Орал қалалық №1 емхананың директорының орынбасары Руслан Бралов тұмауға қарсы екпенің КВИ-ден сақтануға тікелей көмегі болмағанымен, респираторлы вирус қозатын маусымда тұмаумен ауру жеңіл өтеді дейді.Айта кеткен жөн аталмыш емхана қаланың қақ ортасында орналасқандықтан мұнда емделушілердің саны 70 мыңнан асады. Олардың 10 пайызы екпе қабылдайтын болады.Емхана медбикелерінің айтуынша, ресейлік препаратты қабылдағандар арасында осы уақытқа дейін ешқандай шағым тіркелмепті.Айта кететін бір жағдай вакцина ем алып жүргендерге салынбайды. Дене қызуыңыз болмауы тиіс, яғни ЖРВИ белгілері жоқ тұлғаларға дәрігердің рұқсатымен ғана егіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.