Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ!

c 17:54, 15/02/2021 c 469

Тәжікстанда 1992 жылы басталған азаматтық соғыс кезінде тәжік-ауған шекарасындағы қауіпсіздік босаңсыды. Қақтығыстар жиілеп, ауған содырлары шекара арқылы есірткі мен қару-жарақ тасыған. Шекара бұзған қарулы топтарға тосқауыл қою мақсатында 1993-2001 жылдар аралығында бітімгершілік операциясы жүргізіліп, қақтығыс аймағына қазақстандық сарбаздар аттанып, біразы қаза тапты. Міне, биыл қазақ батальонінің тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 20 жыл толып отыр. Соған орай Тәжік-ауған шекарасында ұрысқа қатысқан ардагерлермен кездесу өткізіліп, оларға құрмет көрсетілді.

Шара барысында ардагерлер марапатталды. Жалпы БҚО-нан Тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа 350 сарбаз қатысқан. Өкінішке орай бір сарбаз туған өлкеге оралмады. Осы кеште жауынгерлерге қала әкімі Абат Шыныбековтің алғыс хаты, сонымен қатар мерекелік төс белгілер табысталды.

Халық ерліктері ерен ер азаматтарын еш ұмытқан емес. Сол соғыста қаза тапқан сержант Радик Қаймулдиевтің Шыңғырлау ауылында өзі тұрған көшеге есімі берілген болатын.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.