Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елдегі эпидемиологиялық ахуал

c 09:44, 03/07/2020 c 486

0:00 / 0:00

Енді  коронавирустың өлімі туралы мәлімет күнде емес,  аптасына бір рет ғана жарияланатын болады.  Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифинг барысында айтты. Министрдің айтуынша, соңғы тәулікте елімізде  коронавирус инфекциясынан 10 адам және пневмониядан 20 науқас қайтыс болды. Тек пневмония диагнозымен 1247 адам анықталды. COVID-19 күннен күнге өсіп жатыр. Коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткіші соңғы айда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында артып тұр.Министрлік кадр тапшлығына тап болып, медициналық колледждердің түлектерін көмекке шақырып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық ахуал жайында толығырақ тілші тарқатады. Министрліктің соңғы мәліметтері бойынша елімізде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 42 574 адамды құрады. Оның 14 415 жазылып шықты.

Енді денсаулық сақтау министрлігі тек коронавируспен ауырғандарды ғана емес, күннен күнге үдеп бара жатқан өкпенің қабынуына шалдыққандар санында есепке алып отыратын болды. Себебі,  өкпенің қабынуы өршіп барады.Еліміздің бас дәрігері Алексей Цойдың айтуынша, өткен тәулікте 10 адам коронавирустан көз жұмса, 20 адам өкпенің қабынуынан қайтыс болды.

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министрі «Соңы тәулікте елде 10 адам коронавирустан, 20 адам өкпенің қабынуына көз жұмды.Біз қазір толыққанды статистиканы беріп отырмыз. Ауру белгілері барлар мен ауру белгілері жоқтардың статистикасын  біріктіріп беріп жатырмыз.Бұл елдегі нақты картина көру үшін керек.Ауру бегілері бар-жоғына қарамастан әр науқас қауіпті індетті жұқтырушы болып табылады. Сондай-ақ, біз өкпесі қабынған науқастар санын да есептеп отырмыз.Соңғы тәулікте елде  1247 осындай науқас анықталды. Оларға тиісті ем жасап жатырмыз».

Сондай-ақ, министрлік енді қауіпті індеттен көз жұмғандардың сатистикасын күн сайын емес, аптасына бір рет жариялап отыратын болады. Себебі, науқастың КВИ немесе басқа аурудан қайтыс болғаны кейін анықталып жатады. Әдетте, бұған бір немесе екі күн кетеді. Кейде науқас алдынғы күні қайтыс болады, ал ақпарат келесі күні жетеді. Сондықтан күн сайын емес, статистиканы аптасына бір рет ұсынбақпыз, - деді Цой. Дегенмен, жаңа министр елдегі дәрі тапшылығын толық шеше алмай отыр. Оның айтуынша, дәріханаларды қажеттілікпен қамту үшін дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алып сатарлыққа  жол бермеу үшін дәрі бір қолға шектеулі түрде сатылатын болады.  Ендігі алып сатарлар интернет арқылы саудасын қыздырып жатыр дейді министр.

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министр «Нұр-Сұлтанда кеше 70 мың осындай перпарат дәріханаларға таратылды. Жарты сағаттың ішінде бұл дәрілер сатылып кеткен.Қазір біз тексеріс жүргізіп жатырмыз. Ендігі интернетте бұл дәрілерді алып сатарлар сатып жатқаны мәлім болды. Құзырлы органдар бұл мәселемен айналысады.Бізде қалада парацетамолды қажет ететін  осыншама көп науқас жоқ. Бұл дәріні алып сатарлар қайта сатып, пайда көріп жатыр. Осылайша жасанды дәрі тапшлығын жасап жатыр. Немесе адамдар дәріні қажет болмаса да үйде тұрсын деп сатып алуда ».

Қауіпті індетпен күресте дәрігрелердің де ауру жұқтырып жатқаны мәлім. Оған қоса науқастар саны тым артып кетті. Сол себепті, маман тапшылығы орын алуда. Ол үшін министрлік медициналық колледж түлектерін жұмысқа тартып жатқан көрінеді.  Олардың саны – 112. Жедел-жәрдемге де ауыртпашылық түсіп жатыр. Көлік жетпейді. Республикалық бюджеттің есебінен қазірдің өзінде 807 жедел жәрдем көлігі сатылып алынды. Жақын күндері аймақтарға жіберілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.