Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-ШЕНЕУНІК ЗАҢСЫЗ АЛТЫН ӨНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

c 15:28, 08/10 c 1

0:00 / 0:00

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы шенеунік заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырғаны үшін сотталды. Қылмыстық әрекетті ұйымдастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының бұрынғы орынбасары сыбайластарымен бірге өз бақылауындағы, тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиясы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті пайдаланған. Алтын өндіру жұмыстары экскаватор, тиегіш, самосвал және арнайы жуу қондырғылары сияқты ауыр техниканың көмегімен жүргізілген. Заңсыз өндірілген алтынның көлемі 15 келіден асқан, оның жалпы құны 844 миллион теңгеден жоғары. Тергеу барысында құны 382 миллион теңге болатын 6 келі 700 грамм алтын және 579 грамм күміс тәркіленді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.