Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ел ертеңі

c 18:33, 04/02/2019 c 853

0:00 / 0:00

Биыл облыс орталығында жастарға арналған саябақ салынбақ. Бұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді. Облыс әкімі жастармен кездескен тұста ел ертеңі жастар үшін ұйымдастырылатын шараларды жіпке тізіп, маңызды салаларға тоқталды. Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жарияланғаны белгілі.

Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, Қазақстан халқының 4 млнға жуығын жастар құрайды. Өңірмізде олардың саны 135 мыңнан асып жығылады. Қазақстандықтардың ертеңі, азат елдің ұландарын оқыту мен олардың өмірден өз орынын табуға көмектесу -мемлекеттің басты міндеті. Тәуелсіздіктің 27 жылында еліміздің аумағында талантты жастарды дамыту мен олардың потециалын артырып, бәсекеге қабілетті болуы үшін бірқатар жобалар қолға алынып, бүгінде олардың нәтижесін көріп отырмыз. Мәселен, "Болашақ" бағдарламасы арқылы мыңдаған жас білім алып, қазіргі таңда түрлі салада еңбектенуде.

Биылғы жылы Елбасының бастамасымен жастар жылы жарияланды. Бүгінде жастар үшін ең өзекті мәселенің бірі сапалы әрі қолжетімді білім алу. Елбасы осы проблеманы ортаға сала отырып, әрбір облыста орналасқан бір жоғарғы оқу орны мен 10 колледжді "Назарбаев" университетінің тәжірбиесінде білім беруді тапсырғанды.

Сондай-ақ, студент жастар үшін маңызды мәселенің бірі- жатақхана. Сол себепті еліміздің түпкір-түпкірінде жатақхана салу ісі қолға алынуда. 2022 жылға қарай 75 мың студентті жатақханамен қамту көзделіп отыр. Жастардың баспанамен қамтылуы күн тәртібінен түспейтін сауал. Елбасының тапсырмасына орай, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға арналған 1000 пәтер табысталмақ. Пәтерлердің баршасы жұмысшы жастарға арналған. Яғни, азаматтар пәтерді жалдап, кейін оны сатып алатын мүмкіндікке ие. Ақжайық жастары бас қосқан жиында шалғай орналасқан Жәнібек пен Жаңақала аударында спорт комплекстің салынатындығы мен ауыл-аймақта 100 спорттық нысанның бой түзейтіндігі белгілі болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.