Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛА МА?

c 22:05, 17/06/2022 c 1111

0:00 / 0:00

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жаупақа тартылады деді әділет министрі Қанат Мусин тілшілерге берген сұхбатында. Ал  Қылмыстық кодекстен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін бап алынып тасталады. Министрдің айтуынша, тек ел президентін қорлағаны үшін жауапкершіліке тартылатын бап бар, сол ғана қалады. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жаупақа тартылады деді әділет министрі Қанат Мусин тілшілерге берген сұхбатында. Ал  Қылмыстық кодекстен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін бап алынып тасталады. Министрдің айтуынша, тек ел президентін қорлағаны үшін жауапкершіліке тартылатын бап бар, сол ғана қалады.

Өздеріңізге мәлім,  Қазақстаның Ата заңына енгізілген түзетулер бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Негізгі заңнан "Тұңғыш президент туралы" заңды жою арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы ережелер толық  алынып тасталды. Осылайша Назарбаев елбасы деген мәртебеден, өзіне тиісті артықшылықтардан айырылады. 46-баптан тұңғыш президенттің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және тиісті Конституциялық заңмен айқындалатыны туралы тармақ алынып тасталады. Жақында Парламентке Конституцияға енгізілген осы түзетулерді жүзеге асыру үшін арнайы заң жобасы  түседі. Елбасы мәртебесінен айырылғалы отырған Назарбаев қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма деген сұрақ туындайды.

Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаев экс-президент туралы заңмен қорғалады. Әлеуметтік қамтамасыз етіліп, мемлекеттік күзет қызметін қолданады. Алайда, оның өзі ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанымен, отбасы, жақындары құтылып кете алмайды.

Енді тиісті заңнама күшіне енген соң, елбасының мәртебесіне қатысты барлық артықшылықтар алынып тасталғаннан кейін, Назарбаев бүгінгі отырған кітапхананы босатуы керек пе? Елбасының канцеляриясы болуы тиіс пе? Әділет министрінің бұдан хабары болмай шықты.

Министрдің айтуынша, Қылмыстық кодексте " Тұңғыш президентті – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға, Елбасының бейнесін бүлдіру, заңды қызметіне кедергі жасауға жол бермейтін" 373-бап бар. Енді бұл бап та алынып тасталады. Тек ел президентін қорлағаны үшін жауапкершілік туралы басқа бап бар, сол қалады. Ал Елбасына қатысты бөлек норма болмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.