Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі апталық қатаң карантин

c 09:41, 03/07/2020 c 647

0:00 / 0:00

Елімізде 5 шілдеден бастап екі апталық қатаң карантин енгізіледі. Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.  14 күнге қосымша шектеу шаралары енгізіледі.   Ал егер алдағы екі аптада түзелемй, қиындайтын болса  карантин ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Бұл жайында үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.Елордалық тілшіміз Әселім Қалкен толығырақ баяндайды.

Екі апталық қатаң карантин барысында төтенше жағдай кезіндегідей блок бекеттер қойылмайды. Халықаралы әуе қатынасы сақталады. Ал ел ішінде авиа қатынас пен темір жол қатынасында жекелеген шектеулер болады. Сондай-ақ, аймақтар арасында жолаушылар автобусы уақытша тоқтатылады. Ал қала ішінде қоғмадық көліктің жұмысына уақыт бойныша шектеу қойылады.  Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады.

Адамдарға ашық аспан астында жаттығу жасауға рұсат бар. Көшеге, саябаққа среуендеуге шыққандар саны үш адамнан асапуы керек. Ал 65 жастан асқан кісілерге сыртқа шығуға тиым салынып отыр. Қатаңдатылған карантин барысында сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, ойын-сауық орталықтары, балабақшалар, діни нысандар, караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары, кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар мен банкет залдары жұмысын тоқтатады. Ал  Қазақстанда карантин режимін бұзған азаматтарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынады. 9,00-9.12 снх қазақша

Медициналық мекемелер, дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен ашық базарлар жұмысын жалғастыра береді. Сондай-ақ, мейрамханалар мен дәмханалардың ашық  ауада келушілерді қабылдауына да рұқсат бар. Бұл орайда өндіріс орындары, құрылыс пен өнеркәсіп кәсіпорындары да жұмыс істей береді. Ауыл шаруашылығы саласына да тиым жоқ. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтары, автокөлік саласына қызмет көресту орындары мен банктер жұмыс уақытын қысқартып  жұмыс істейді.  Мемлекеттік органдар  мен ұлттық компаниялар және жекеменшік ұйымдардың қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтықта жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Үкімет елдегі  эпидемиологиялық ахуал алдағы екі аптада өзгермесе, карантин одан әрі ұзартып, қатаңдатуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.