Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі адам өмірмен қоштасты

c 16:36, 21/01/2019 c 658

19 қаңтар күні кешкісін Орал-Атырау жолында, қалаға қарасты Круглоозерный мен Серебряков кенттерінің аралығында жол көлік оқиғасы болды. Жол үстінде тұрған жеңіл көліктің қаңқасы ғана қалған деуге болады. «Лексус-470» автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, «Лада-21703» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан «Лада-21703» көлігінде отырған 1972 және 1980 жылғы әйел адамдар оқиға орнында көз жұмды. «Лексус-470» автокөлігінің жүргізушісі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы негізінде Орал қаласы полиция басқармасы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес (абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 20.05-те шақырылып, оқиға орнында үш бригада жұмыс жасаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.