Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дүбірлі дода

c 16:57, 08/08/2019 c 871

0:00 / 0:00

Орал қаласында тамыздың 13-і мен 14-і күндері самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дәстүрлі турнир ұйымдастырылмақ. Байрақты дода биыл да халықаралық деңгейде болады. Ақ жайық өлкесінде Шайхиевті еске алуға арналған жарыс 2000 жылдардан бері оздырылып келеді. Алайда, 2014 жылдан бастап халықаралық сипат алды.

Биыл аталмыш дода халықаралық деңгейде бесінші мәрте өтеді. Күреске Ресей, Қырғызстан, Грузия, Армения, Өзбекстан елдерінің палуандары қатысуға өтініш беріп үлгерген. Спортшылар 11 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдеспек. Байқаудың ұйымдастырушылары бас жүлдеге қойылған көліктің иесін жеребе тарту арқылы анықтаймыз,- дейді.

Асқар Шайхиев- Сырым топырағының тумасы. Марқұм көзі тірісінде КСРО- мен халықаралық сайыстың жеңімпазы атанып, әлем чемпионы ретінде ел намысын талай додада қорғады.

Жалпы Ақ жайық өлкесінде 800-ден астам балуан самбомен шұғылданады. Сала мамандары халықаралық сайыс Азия мен Әлем чемпионатында бақ сынауы үшін тапсырмас мүмкіндік,-дейді. Ал, мықтылар белдесуін екі күн бойына теннис орталығында тегін тамашалауға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.