Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ТАПШЫ

c 09:44, 24/09/2021 c 1818

0:00 / 0:00

Елде  орақ науқанында дизель отыны тапшы болып отыр. Еліміздің кей өңірлерде солярка атымен жоқ, баға шарықтаған. Бүгін журналистер алдына шыққан мұнай-газ саласының сарапшылары мен энергетика министрлігінің өкілдері дизель нарығындағы тенденциялар туралы айтып берді. Мәлім болғандай, ел ішіндегі  дизель отының тапшылығынан, көрші Ресейден импорттауға тура келетін сияқты.

Көктемгі егіс пен күзгі егін жинау науқаны кезінде дизель отыны алтыннан да қымбат болып, тапшылық орын алатыны дәстүрге айналған жәйіт. Сол көрініс биыл да қайталанып отыр. Еліміздің оңтүстік өңірінде тапшылық орын алып, дизель отыны тек талонмен беріліп жатыр. Оның өзінде 50 литрден артық сатылмайды. Мұндай жағдай Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде де тіркеліп отыр. Ал энергетика министрлігінің өкілдері болса, биыл дизель отынын тұтыну  артып, тамыз айында сұраныс өсті дейді. Тұтыну көлемі 519 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға артық. Неге сұраныс артып отырғанда бұл саланың жұмысын жандандырмасқа?  Мәлім болғандай елде жоқ дизель отынын көрші Ресейден импорттау көзделіп отыр. Бұл әрине бағаның өсуіне себеп болады.

ОЛЖАС БАЙДІЛДИНОВ – МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ -«Қазір дизель отынының тапшылығы орын алады деген болжам бар. Бағадағы айырмашылықты бизнес өзі реттейтіні мәлім. Тауар тапшы болса, баға өзгеретіні сөзсіз. Ал дизель отынын Ресейден импорттасақ, ол елмен айырмашылық литрі 100 теңгені құрайды. Жанар-жағар май, дизель қымбаттайды. Біздің автокөлік иелерлері оны төлеуге дайын ба? Мәселе сонда»

Осылайша, Ресейге тәуелділіктен арылдық деп жар салған энергетика министрлігінің ұраны негізсіз болып қалды. Тағы да көршіге телміреміз. Министрлік өкілдері болса,  Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан. Ресеймен салыстырғанда 90 теңгеге, Өзбекстанмен салыстырғанда 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан деп ақталып отыр. Ал елдегі жанар-жағар май  қымбаттайтынын сезетін халық, мұның арты тағы да азық-түлік пен тауар бағасын шарықтатады деп алаңдайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.