Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

c 18:01, 23/02/2022 c 839

0:00 / 0:00

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Мақсат Раманқұлов дзюдо орталығына табан тіреді. Нысан ішін аралап, үйірме жұмыстарымен танысты. Заманауи үлгіде салынған кешеннің жұмысына халық қалаулыларының көңілдері толғандай. Бүгінде спорт кешеніндегі үйірмелер 500-ге жуық баланы қамтып отыр екен.

Расымен, жеке кәсіпкердің арқасында салынған орталық барлық талаптарға сай. Арнайы бөлмелерден бастап қажетті спорттық саймандарға дейін қарастырылған. Көпбейінді кешенде тіпті 130 орындық көрермен залы мен спорттық киімдер дүкені бар. Орналасқан жері де келісті. №10 шағынаудан қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта халқы 70-мыңға жетеді деген болжам бар. Осы орайда депутаттар нысан жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Айта кетсек, орталық шілде айында ашылған еді. Сол кезден бастап бүлдіршіндер үйірмелерге жазыла бастады. Оның үстіне орталықта ірі облыстық, республикалық сайыстар жүйелі түрде өтіп тұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.