Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Денсаулық - зор байлық

c 16:56, 14/01/2020 c 768

0:00 / 0:00

М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы «Денсаулық» спартакиадасы 63-ші рет жарыс жалауын көтерді. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың әр түрімен шұғылдануға дағдыландыру сайыстың басты мақсаты. Спартакиаданың салтанатты ашылуы рәсімінен соң жеребе бойынша жарыстар бастау алды. Айту керек, кезекті шарада спорттың 6 түрі бойынша 9 команда жарыс жолына шықты.Жарыс шымылдығын волейбол ойынының шеберлері түрді. Тартысқа толы әр кездесуден командалардың жеңіске деген жігерлері байқалады. Өз топтарының намысын қорғағандар арасында университеттің жас мамандары да, осы салада сан жылдар еңбек етіп жүрген ардагер ұстаздар да болды.Спартакиаданың екінші күні жарыс алаңында волейбол командаларының жарысымен қатар үстел теннисі, шахмат пен дойбышылар шеберліктерін сынасты. Жай күнгі әріптестер, спорттық шарада қарсылас атанып, әр кездесуде жеңісті оңай бермейтіндіктерін көрсетті. Ал, соңғы шешуші күні эстафетаның ептілері мен арқан тартысудың мықтылары жарысты одан әрмен қыздыра түсті. Әр топтң жанкүйерлері спортшыларға қолдау көрсетсе, спартакиада ережесіне сай спорттың барлық түрлері бойынша білікті мамандар төрелік етті. Тартысқа толы спартакиада өз мәресіне жетіп, барлық түрлер бойынша үздік командалар мен шебер ойыншылардың есімдері белгілі болды. Аталымдар бойынша алдарына жан салмағандар оқу орны басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.Үш күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша тарих, экономика және құқық факультетінің командасы үшінші орынға ие болса, мәдениет және өнер факультетінің спортшылары жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ал, спартакиаданың бас жүлдесі және кубогы физика-математика факультетінің қанжығасына байланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.