Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дау тудырған заң жобасы

c 19:27, 19/01/2021 c 551

0:00 / 0:00

Елордалық аналар тағы да бас көтерді. Кеше министрлер үйіне басып кірген топ «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасына қарсылық білдірген болатын.Бүгін аналармен Парламент мәжілісінің депутаттары кездесті.Бұл жолы наразылық білдірушілерді сыртқа қумай, елордададғы «Жанұя» орталығының ғимаратына шақырды.

Бала тәрбиесіне қатысты заң жобасы бойынша  дау тудырған  наразы топтың талабы құлақтарына жетті ме? Бүгін мәжіліс депутаттарының бірнешеуі олармен кездесуге келді. Тіпті, депутаттар тоңбасын деді ме, әлде аналарға жасаған құрметі ме, кездесу кешегідей сыртта емес, іште өтті. Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқылануда. Күні кеше министрлер үйін басып кірген аналар қауымы аталмыш құжат үлкен қауіп төндіріп отырғанын айтқан болатын. Ата –ана мен баланы бір—біріне қарсы қою, тіпі  ата-ананы құқығынан айыру, баланың жынысын өзіне таңдауға мүмкіндік беру мәселелері қамтылған дейді олар. Ал әлеуметтік желіде де Президенттің атына жазылған үндеу тарап жатыр. Онда  заң жобасын өткізбеуді сұраған   20 мың адамның қолы қойылған.

Алайда,  наразы топпен кездескен мәжіліс депутаттары заң жобасында мұндай нормалар атымен жоқ деп ақталды.

Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Заң жобасында жынысын өзі таңдайды деген норам атымен жоқ. Оны кім шығарып жүр? Міне құжат, сіздерге көрсетейін. Баласын құйрығынан тартып жібергені үшін айыппұл салады, түрмеге жабады деген де жоқ. Бұл азң 2009 жылдан бері бар. Ал оған өзгеріс енгізу уақты талабы үшін жасалып отыр. Заң өзгертілуі керек».

Алдарына келген депутаттардың сөзі наразы аналарды сендіре алмады.

Денгенмен, заңға енгізілген өзгерістің бірі- енді отбасындағы жанжалды естіген көршісі полицияға шағымдана алатын болады. Яғни бұрынғыдай зардап шегушінің арызын күтіп отырмайды.

Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Бұрынғы заңда зардап шегуші өзі шағымданбайынша іс қозғалмайтын. Енді жаңа нұсқада көршісі үйдегі жанжалды естіп, полиция шаақыртып, шағым тасатй алады. Полиция келіп, әмселені анықтайтын болады».

Депутаттар бұл заң жобасынан бас тартайын деп отырған жоқ. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық әмселесін қамтыған заңға өзгеріс енгізу әрі қарай қаралатын болады. Алайда, Парламенттегі талқылауға аналарды кіргізбейміз дейді. Тек сарапшылар ғана қатыса алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.