Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәмханалар жұмысы жанданды

c 17:30, 03/08/2020 c 527

0:00 / 0:00

Оралда бүгіннен бастап 30 орындық дәмханалар жұмысын бастады. БҚО Бас санитарының жаңа қаулысында көрсетілгендей енді 30 адам отыратын орны бар жазғы дәмханалар мен мейрамханалар жұмысына рұқсат етіледі.Күн райының қолайсыздығына қарамастан табиғат аясында аухаттануға асыққан тұрғындар жеңілдетілген карантиндік шараларға дән риза. Көңілдері көтеріңкі.Қатаң тәртіптегі карантиндік шаралар енгізілген күннен бастап дәмханаларда тағамдар тек тапсырыспен дайындалғаны белгілі. Бір ай көлемінде табысынан айрылған қызметкерлер сүйікті жұмыс орындарына оралғандарына қуанышты.
Нысан маңына 30 орындық қою керек және отыратын орындар арасы 2 метр қашықтықта болуы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым әлі де күшінде. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Облыста бүгін  COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 76 дерегі тіркелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.