Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дайындық жұмыстары

c 17:16, 02/04/2019 c 874

0:00 / 0:00

Батыс Қазастан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 542,3 мың гектар болмақ. Бұл туралы ауыл шаруашылық саласының мамандары мәлімдеді. Көктемгі далалық жұмыстар үшін дайындық жұмыстары басталып кеткен. Сала мамандары қазіргі таңда техниканың дайындығы 96-97 пайыздай,-дейді.

Облыс көлемінде нарықтағы сұраныс пен өндірістік тиімділікке байланысты егіс алқаптарының саны артып отыр. Биыл алқаптардың көлемі 542,3 мың гектарды құрауы керек. Өткен жылға қарағанда, бұл көрсеткіш 25 мың гектарға көп. Сұраныстың артуына байланысты майлы дақылдар мен көкөніс-бақша өнімдері бар алқаптардың саны да артпақ. Сала мамандары қазіргі таңда егіс жұмыстарын бастау үшін 22,1 мың тонна болатын тұқым сатып алынғандығын айтады.

Сала мамандары 46 кәсіпкер көктемгі далалық жұмыстарға дайындығын пысықтап, техникасының кем-кетігін түзеу, тұқым мен жалақы төлеу үшін қаржылық ұйымдардан 876 млн теңге көлеміндегі қаражатқа өтініш берді,-дейді.

Көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу үшін облысқа 12 мың тонна дизель отыны керек. Сала мамандары дизель отынның бағасы 165 теңге деп бағаланып отырғандығын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.