Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дағдарыс орталығын 112 адам паналапты

c 15:47, 25/01/2022 c 1536

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда қаншама шара қолданып, алдын алуға тырысқанмен тұрмыста зәбір көріп, таяққа жығылған жандардың қатары азаймай тұр. Сандарды сөйлетіп көрсек, өткен жылы Орал қаласында орналасқан тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықты 112 азамат паналапты. Сала мамандары бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда көп екенін айтады. Дағдарыс орталығын мекен еткен жандардың тағдыры мен мекеменің атқарған жұмысы туралы толығырақ келесі сюжетте.

Бұл-Индира. Өмірінің қиын-қыстау кезеңінде дағдарыс орталығынан пана тапқан. Бүгінде бүлдіршіндердің анасы жұмысқа орналасыпты. Кейіпкеріміз орталықтан кетсем де мамандар халімді біліп, көмектерін аямайды,- дейді.

Кейіпкеріміз секілді өткен жылы дағдарыс орталығын 112 адам паналапты. Мамандар оларға психологиялық, заңгерлік көмек көрсетіп, проблемаларын шешуге атсалысып келеді. Өткен жылдан бастап дағдарыс орталығы сексуалды сипатта жәбір көрген кәмелет жасына толмаған балаларға көмек көрсетуді бастады. Күні бүгінге дейін зардап шеккен жасөспірімдер мамандардың кеңесіне жолықпапты.

Дағдарыс орталығының көмегіне кез-келген азамат жүгіне алады. Тіпті шалғай ауылдарда тұратын жандар да орталықтан көмек алуына болады. Мамандардан кеңес аламын десеңіздер 28-56-00 нөміріне қоңырау шалып немесе Орал қаласы Абай даңғылы 31/1 мекенжайына жолықсаңыз болады.

Сурет https://www.gov.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.