Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цойға бір ай уақыт берілді

c 20:01, 01/04/2021 c 606

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бір ай уақыт берді. Егер министр Цой бір айдың ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды түземесе, отставкаға кетуі мүмкін. Бұл жайында  Мемлекет басшысы Ақордада коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты өткен жиында  айтты.Сондай-ақ, Тоқаев Маминнің министрлер кабинетіне түгел ескерту жасады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Соңғы тәулікте республика бойынша 1800 астам адам ковид індетін жұқтырғаны мәлім болды. Қазақстан қызыл аймақта тұр. Ал халыққа вакцина салдыру ісін денсаулық сақтау министрлігі еңсере алмай отыр. Екпе салдырайын деп емханаларға хабарлассаңыз, вакцина жоқ деген жауап естисіз. Коороновирусқа қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынап тастады. Елдегі ахуал түзелмесе министр Цой қызметінен айырылуы да мүмкін. Бұл жағдайға Мамин үкіметі түгел жауапты деді Президент.

Бұл орайда Президент Тоқаев Үкіметке зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыруды. Салық және кеден берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұруды тапсырды.  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пысықтауды жүктеді.  Мемлекет басшысының айтуынша,

Үкімет сәуір айында жаппай вакцинациялау жұмысын жеделдетсе,  мамырдан бастап ШОБ субъектілерінің, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға болады.  Қазақстан халықты вакциналауда  көптеген елдерден  артта қалып отыр. Ал карантин талаптары халық пен  бизнесті әбден қажытты дейді Тоқаев.

Президент келтірген мәліметке сүйенсек, ақпаннан бері елге ПТР-анықтамасыз ұшып келетін жолаушылар саны екі есеге артқан.  Елде індет жұқтыру  қаупі жоғары үш мутацияланған штаммның бар екені расталды. Аурудың таралуымен қатар ауыр және өте ауыр хәлдегі науқастар саны, сондай-ақ, өлім-жітім көрсеткіші ұлғаюда. Мұнымен қоса, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың, жабдықтардың жетіспеушілі байқалады. Орташа алғанда жансақтау бөлімдері 64%-ке ғана жасақталған. Тоқаев дәрімен қамту мәселесінде «СК- Фармация» басшысына да ескерту жасады.

Сарапшылардың болжауынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып,  пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасы артуы мүмкін. Ол үшін ковидке қарсы вакцина салдыру жұмысы күшеюі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.