Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүтіндей бір отбасы баспанасыз қалды

c 08:46, 08/08/2019 c 889

Қызыл жалын тамыз айының 5-ші жұлдызы күні кешкі сағат 18:00-дер шамасында шатырдан шыққан. Көршілер шатырдан шыққан жалынды көріп, жедел төтеншеліктерді шақырған. Оттың тұтануына дауылдың салдарынан жұлынған бағанадағы электр сымдарының тұйықталуы себеп болса керек.

Кезекшілік бөліміне түскен бойда Желдің салдарынан тоқ сымдары үзіліп, қысқа тұйықталудың салдарынан баспана отқа оранды. Өрт үйдің шатыранан бастау алды. 79/1 мекен жайындағы баспана толықай өртенген болса, баспанаға жарлас тұрған 79/2 үйдің тек шатыры ғана зақым келген. Өртке қатысты барлық құжаттар БҚО ПД-не жолданды, - дейді Орал қаласының ТЖБ -ның бастығы Амангелді Ешмұханов.

Бір сәтте баспанасынан айырылған тұрғындар қазір ағайын-туғандарын сағалап жүр. Кенеттен тұтанған тілсіз жау жиһаздардарды түгел жалмап, үй иелерін дүние-мүліксіз қалдырған.

   "Оқиға болған күні мен жұмыста болатынмын. Құдай сақтап, үйде балам болды. 80 жстағы анамды үйден сол балам алып шықты. Өрт шатырдан басталды. Үйден тек құжатты ғана алып шығуға үлгердік", - дейді үй иесі  Қадыржан Құспанов.

Айтып келмеген апаттың салдарынан баспаналарынан айырылған тұрғындар кімге барып көмек сұрап, арыз айтуды білмей дал. Қыс маусымы басталмай жатып баспана жайын шешуге асық үй иелері енді ел ағаларының көмегіне жүгінбек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.