Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұрақалық спортты дамыту

c 19:15, 24/02/2020 c 900

0:00 / 0:00

Бұрақаралық спорттан гөрі, жоғары жетістікке жететін әлемдік деңгейдегі спортқа  қаржы  50 есе көп жұмсалады. Бұқараны спортқа баулу мәселесі бүгін Мәжілісте қызу тақыланды. Төменгі палатада өткен Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спортты дамыту үшін қолға алып жатқан жоспары жайында баяндады.

Елімізде мектептердің 27 пайызында спорт залдары жоқ. Балаларды жастайынан спортқа баулу үшін үй алаңдарындағы клубтардың барлығы ақылы. Оған қалтасы көтерген баласын берсе, күнделікті тұрмысына жеткізе алмай жүргендер баланы спортқа баулуды кейінге қалдырған. Ал әлем чемпионатында жеңіске жетіп жатқан спортшылар бала күнінен шыныққандар. Бұл ерен еңбектің жемісі. Ұлт денсаулығы үшін спорттың маңыздылығы сөзсіз. Мұндай жағдайда балалар спортынан ақша аямаған жөн дейді депутаттар. Қазақстанда кәсіпқой спортқа көп көңіл бөлінеді. Қыруар қаржы жұмсалады. Ел атағын шығарып жатқан чемпиондар дайындайды.  Ал халықтың денсаулығы үшін маңызды бұқаралық спорт көлеңкеде қалып жатыр. Министр осы салаға басымдық беруді көздеп отырған көрінеді. Ал бұқаралық спортты дамытуға бөлінен қаржыны дұрыс қолданбағандар жауапкершілікке тартылады дейді.

Депутаттар министрге бұқаралық спортты дамытудың бірнеше жолын ұсынды. Мәжілісмен Тілеухан қазақтың ұлттық спорт ойындарын жаппай дамыту керек дейді. Ол атқа отыру мен асық ойнаудың өзі денені шынықтыратынын айтты.

Мәжілісмендер спортты дамыту үшін, бұл саланы мәдениеттен бөліп алу керек дейді.

Шынтуайттап келгенде, Қазақстан бойынша  қызмет құны қолжетімді болатын жаппай спорт секцияларын ашып тастаса. Смартфонға байланып отырған баласын кез-келген ата-ана спортқа баулитын еді. Бұл жағдайда  чемпиондар саны да артады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.